$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық банк депозиттерге қатысты өзгеріс енгізді

Бас банкирдің сөзіне қарағанда, шетел валютасын ел ішінде ұстап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктер үшін депозиттің жаңа түрі енгізіледі.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев депозиттерге қатысты өзгерісті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бас банкирдің сөзіне қарағанда, шетел валютасын ел ішінде ұстап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктер үшін депозиттің жаңа түрі енгізіледі. Оны ұлттық банктің өзінде ашуға болады.

«Валюталық активтерді ел ішінде сақтауды ынталандыру үшін жаңа құрал ретінде 1 шілдеден бастап банктердің ұлттық банктегі валюталық депозиттері енгізіледі. Мұндай депозиттердің мерзімі – бір ай. Ал, жылдық мөлшерлемесі 0,5 процентке дейін болады», - деді Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, кепілдік беру қоры ұсынған қазақстандық депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме өзгеріп отыр.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары