$ 443.85  474.3  4.8

Қанат Бозымбаев: «Қазақстанға мұнай өңдеу зауыты қажет емес»

Министрдің айтуына қарағанда, Қазақстанда қазіргі таңда үш бірдей МӨЗ бар. Оның өзі бүгінгі таңда толық қуатында жұмыс істемей тұр.
Фото: Factcheck.kz
Фото: Factcheck.kz

Қазақстанға мұнай өңдеу зауыты қажет емес. Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» компаниясы Қазақстан мен шетелдік нарыққа талдау жұмыстарын жүргізіп, осындай қорытындыға келіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты керек пе, жоқ па деген сұрақтың айналасындағы пікірталастың бәріне нүкте қою үшін біз «ҚазМұнайГазбен» бірге былтыр терең талдау жұмыстарын жүргізген болатынбыз. «ҚазМұнайГаз» тіпті нарықты, мүмкіндіктер мен трендтерді зерттеуге қауқарлы компанияларды жалдап, белгілі бір шығынды да шығарғаны бар. Трендтер демекші, қазірдің өзінде әлемде электромобильдерге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын да ескеруге тырыстық. Осыған байланысты, мұнай өнімдерін тұтыну көлемінің балансын қайта зерделедік. Ақыры, дәл қазіргі уақытта төртінші Мұнай өңдеу зауытын салудың қажеті жоқ деген қорытындыға келдік», - деді Қанат Бозымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрдің айтуына қарағанда, Қазақстанда қазіргі таңда үш бірдей МӨЗ бар. Оның өзі бүгінгі таңда толық қуатында жұмыс істемей тұр. 

«Оған өнімнің кейде артық шығарылып кететінін қоса беріңіз. Батыс Қазақстандағы МӨЗ мәселен, жалпы қуатының 50 пайызы ғана жұмыс атқаруда. Жобалық сипаты жағынан артық өндірілетіні көзделгенімен, ішкі нарықтағы төмен бағаға байланысты бұл зауыт конденсатты әлемдік нарықтық бағаға сай сатып ала алмайды», - деді ол. 

Министрдің пайымынша, ішкі нарықтың көзқарасымен қарайтын болсақ, Қазақстанға төртінші МӨЗ-дің қажеті жоқ. 

«Ал мұнай өнімдерін экспорттау көзқарасымен қарасақ, «мұнай өнімін сату тиімді ме, әлде шикізатты сатқан ыңғайлы ма?» деген сұраққа жауап іздеу керек. Өкінішке қарай, Қазақстан алыс континентальды мемлекет. Ал мұнайды әлемдік нарықта құбыр желілері арқылы жеткізу ыңғайлырақ. Әлемдік нарықтағы бағаға қол жеткізу үшін бензинімізді Қара теңіздің портына жеткізуіміз керек. Ол үшін жол бойы РФ мен Украина темір жолы үшін ақша төлеу керек болады. Әлбетте, өнімімізді сатуға толыққанды болары даусыз! Себебі, оның сапасы еуростандарттарға сай келеді. Алайда бұл жолмен жүрсе көліктік шығындарымен бірге мұнайшы шикізатты сатудан да аз пайда табады. Сол үшін экспорттық мақсат үшін МӨЗ салып, өнімді алысқа экспортқа жібереміз деу - өз-өзімізді алданғанмен бірдей болар еді. Кәсіби мамандардың зерттеуіне сүйенген жөн. «ҚазМұнайГаз» компаниясымен жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесін біз сіздермен бөлісуге дайынбыз», - деді министр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары