02.07.2019, 10:16

Шымкент: Қоғамдық кеңес құрамына жаңа мүше қабылданды

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбаев жетекшілік еткен жиында бірқатар мәселелер қаралды. Күн тәртібінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармаларының атқарған жұмыстары және тағы басқа мәселелер талқыға түсті.

Аталған мәселелер жөнінде Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұркен Бегулиев, қалалық туризм басқармасының басшысы Тұрар Ахметов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев баяндама жасап, бірқатар мәселеден хабардар етті.

Нұркен Рахымұлының айтуынша, бүгінде индустриялық аймақтарды жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірленуде. Ал кәсіпкерлікті дамытуда жер, сәулет мекемелері тарапынан бірқатар кедергілерді жою керек.

Қалада этнотуризм бағыттарын жүйелеп, жұмыс атқару керек. Кеңес мүшелері Шымкенттің 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы атануына орай, бірқатар жобалар дайындау керегін айтты.

Сондай-ақ жиында Қоғамдық кеңеске жаңа мүше қабылданды. Шымкент қаласының Кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Қабыштаевтың кандидатурасы көпшілік тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

«SN.kz»-ақпарат.