«Кешенді жоспар тұрғын үй құрылысының көлемі кезең-кезеңмен биыл 500 мың шаршы метрден жылына 1 млн-ға дейін арттырып, тұрғын үймен қамтамасыз етуді 1 тұрғынға шаққанда 30 шаршы метр деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Асқар Мамин. Мысалы, «Шымкент Сити» жобасын жүзеге асыру әлеуметтік инфрақұрылымы дайын 1,5 млн ш.м. тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.
ҚР Министрлер кабинетінің басшысының айтуынша, ол үшін тұрғын үй құрылысын дамытуды жалғастыру қажет. Осы ретте, қаланың ықшам құрылысына және тұрғын үй құрылысының халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейтін инвесторлардың тәжірибесін пайдалану баса назар аударылады.
«SN.kz» - ақпарат»