Лондон шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,81 долларға төмендеп, баррелі 66,19 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,63 долларға төмендеп, бір баррелі 59,58 доллар болды.