$ 448.15  483.46  4.86

Еуразиялық экономикалық одақ ортақ валюта құра ма?

Қаржыгер сарапшы Расул Рысмамбетов Ақша бағамы саясаты бойынша арнайы кеңестің құрылуы ЕАЭО аясындағы қаржы жүйелерін біріздендіруге жасалған алғашқы қадам деп санайды.
Фото: kazgazeta.
Фото: kazgazeta.

ЕАЭО бойынша Ақша бағамы саясаты кеңесін құру туралы бастама бірыңғай қаржы нарығын құруға әкеліп соғуы мүмкін. Бұл туралы сарапшылар айтты, деп хабарлайды Kursiv.kz-ге сілтеме жасап Zakon.kz.

17 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында Еуразиялық экономикалық одақтың Ақша бағамы саясаты бойынша консультативтік кеңесі құрылғалы жатқаны туралы хабарланды. Иә, комиссия алқасы осы кеңесті құру туралы келісімді бірауыздан мақұлдаған.

Оған ЕАЭО мүше елдердің ұлттық (орталық) банктерінің басшылары кіреді. Бұл жайында ЕАЭО туралы келісімде баяндалған (64-бап).

Қаржыгер сарапшы Расул Рысмамбетов Ақша бағамы саясаты бойынша арнайы кеңестің құрылуы ЕАЭО аясындағы қаржы жүйелерін біріздендіруге жасалған алғашқы қадам деп санайды.

«Ресейлік тарап ортақ төлем жүйесіне, одан қала берді, Қазақстан үшін қолайсыз десек те, бірыңғай ақшаға көшуге негізделген жалпыға ортақ қаржы жүйесін қалыптастыру мәселесін қарастырып жатқаны анық.

Бастапқыда ресейлік тарап біздің экономикамызға қатер төндіретін сыртқы қаржылық және ішкі экономикалық тәуекелдерді қарастыруды ұсынады. Содан кейін сол тәуекелдердің көлемін қысқартуға атсалысуды ұсынады. Міне, содан соң ғана ресейліктер Қазақстанда MИР төлем жүйесін енгізуді ұсынуы мүмкін», - деді ол.

Рысмамбетовтың айтуынша, келесі қадам ​​бірыңғай квази-валютаны құру болмақ.

«MИР төлем жүйесін енгізгеннен кейін, төлем операцияларын жеңілдету үшін Ресей тарапы квази-валютаны енгізуді ұсынуы мүмкін. Мәселен, ол ақша қоржыны ресей рублінен, теңгеден, беларусь рублінен, армян драмасынан және қырғыз сомынан тұратын шығар. Сонда олар ортақ валютамызға айналады», - деп болжайды сарапшы.
Өз кезегінде, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов бұл кеңестің рөлі зор деп санамайды. Өйткені, оның пікірінше, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық банктерінің басшылары бұл құрылымсыз да, одан тыс жерде де өзара кеңесе алады.

«Шын мәнінде, бұл тек қатынастарды рәсімдеу және келісімшарттың заңды жағын орындау процедурасы деп қана білемін. Екінші жағынан, Консультативтік кеңес, мүмкін алдағы болашақта салмақты бір құрылымға айналып кетуі әбден мүмкін. Мәселен, бірыңғай орталық банк пен бірыңғай валютаны құратын», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары