$ 448.15  483.46  4.86

Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай арзандады

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,59 долларға арзандап, баррелі 58,4 долларды құрады.

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,59 долларға арзандап, баррелі 58,4 долларды құрады. 

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,76 долларға төмендеп, бір баррелі 54,47 доллар болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мұнай