Қазақстандағы қалалардың пәтер бағасына талдау жасап шыққан Крыша порталы тамыз айында да пәтер бағасының көтерілгенін анықтап отыр, деп хабарлайды finance.bugin.kz.
Әсіресе, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Алматы қалаларында баға әжептәуір көтерілген. Павлодарда бір айдың ішінде пәтер бағасы 3,5% (пәтердің бір шаршы метрі – 185 мың теңге), Талдықорғанда 2,8% (189 мың теңге), Өскеменде 2,3% (196 мың теңге) қымбаттаған.
Петропавлдың пәтерлері де 2 пайызға дейін қымбаттап, бір шаршы метрі 215 мыңға жетті, ал Қарағандының пәтерлері 1,6% қымбаттап, 207 мың теңгеге тірелді.
Алайда, Алматыда жағдай біршама қалыпты. Пәтер бағасы 1,4 пайыз қымбаттаған, бір шаршы метрі 389 мың теңгеден саудалануда.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы пәтерлердің бағасы бір айдың ішінде 1,2% өскен. Ал бір жылдың ішінде пәтер бағасы 7,2% қымбаттаған. Бір жылдың ішінде Петропавлдың пәтерлері 16%-ға дейін, Өскеменде 15%-ға, Шымкентте 14%-ға, Алматыда 13%-ға, Талдықорғанда 12%-ға қымбаттаған.