Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мәжілісте жоғары жылдамдықтағы интернет 5G жобасы даму сатысында және бастама Солтүстік инвестициялық банкінің көмегімен жүзеге асатындығын хабарлады, деп жазады aikyn.kz.
«Инвестор Финляндиядан – Nokia болуы мүмкін, шамамен 500 млн доллар. 5G – жасанды интелекетін ең маңызды элементі. Тіпті операцияларды қашықтықтан тек 5G жылдамдықты жүйенің арқасында планетаның басқа нүктесінен скальпельді басқаруға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықтағы Интернет болған жағдайда ғана жасай алатындығын білеміз», - деп атап өтті Дәленов мәжілістің жалпы отырысында.
Бұған дейін депутаттар «Қазақстан Республикасындағы Солтүстік инвестициялық банктің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Келісім Солтүстік инвестициялық банкіне Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Банктің стратегиясына сәйкес несие портфелінің шамамен 20% -ы оның тұрақты мүшесі емес елдерге беріледі. Солтүстік инвестициялық банкінің негізгі қаржыландыру бағыты: энергетика, «жасыл экономика», телекомуникация, транспорт, өндірістің түрлі саласы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес.