$ 448.15  483.46  4.86

«Алтын сапа» сыйлығының иегерлері анықталды

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының «Алтын сапа» байқауының жеңімпаздары анықталып, олар салтанатты жағдайда марапатталды деп жазады Baq.kz. Бұл байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша үш сатылы негізде анықталған болатын.

Сонымен, «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясындағы ірі кәсіпкерлік субъектісі бойынша жеңімпаз компания – «Петропавл ауырмашина құрылысы зауыты» АҚ (Солтүстік Қазақстан обылсы, Бас директоры Қуаныш Бишімов), орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша – «Kazmedpribor Holding» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы, компания президенті Рахат Байзақов) және шағын кәсіпкерлік субъектісі бойынша – «Қазақстандық арматуралы құбыр желісі зауыты» ЖШС (Алматы қаласы, директоры Ринат Гусаинов) лайықты деп танылды.

Ал «Халық тұтынатын тауарлардышығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша үш үздіктің алғашқысы ірі кәсіпкерлік субъектісі бойынша – «Байсерке Агро» ЖШС (Алматы облысы, директоры Алтай Кенжебаев), орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша – «Агропродкут ЛТД» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы, Бас директордың орнбасары Темірғали Ескендіров) және шағын кәсіпкерлік субъектісі бойынша – «Алтын Орда» Авторлық дизайн компаниялар үйі» ЖШС (Астана қаласы, директоры Тұрсынзада Ырза) марапатталды.

«Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясының ірі кәсіпкерлік субъектісі бойынша жеңімпаз компания – «BI Holding» ЖШС (Астана қаласы, Бақылау Кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев), орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша – «Исткомтранс» ЖШС (Алматы қаласы, Директорлар Кеңесінің төрағасы Марат Сәрсенов) және шағын кәсіпкерлік субъектісі бойынша – «СФ «Ынта» ЖШС (Манғыстау облысы, директоры Болат Ережепов) ие болды.

Айта кетейік, жеңімпаздарға Мемлекет басшысының арнайы сыйлығын Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен Премьер-министрі Кәрім Мәсімов салтанатты жағдайда табыс етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары