$ 494.87  520.65  4.91

6% шағын несие береді

Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтушылар қатыса алады.
фото: dopo.kz
фото: dopo.kz

Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған тағы бір бағдарлама — нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы. Бұл бағдарлама арқылы бизнес-жоспарды іске асыру үшін «Даму» қорының кепіл беруімен жылына 6 пайызбен 20 млн теңгеге дейін шағын несие алуға болады. Шілде айында аталмыш бағдарламаға 618,0 млн теңге бөлінді, – деп хабарлайды Sn.kz.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттері:

— Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
— Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
— Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
— Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.
— Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
— Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
— Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.
Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылмақ:
— Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
— Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
— Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтушылар қатыса алады.

Кредитті/микрокредитті беру шарттары:
— кредит/микрокредит мерзімі — 5 жылға дейін, (мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін — 7 жылға дейін);
— кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы — 8 000 АЕК дейін;
— номиналды сыйқы мөлшерлемесі – жылдық 6% аспайды.

Кредитті/микрокредитті алу үшін қажетті құжаттар:
— өтініш;
— жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
— тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы);
— бизнес-жоспар;
— қызмет көрсетуші банктен шоттың бар болуы туралы анықтамалар;
— қаржы ұйымдарынан қарыз берешегі, соның ішінде мерзімі өткен берешегі болуы туралы анықтамалар (кредиттер болған жағдайда);
— қарыз алушының еңбекақысын және/немесе өзге табыстарын растайтын құжат;
— бағалау туралы есеп;
— кепіл беруші және кепілдік қамтамасыз ету бойынша құжаттардың көшірмелері;
— кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өткені туралы (тек жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін).

Адамды еңбекке баулып, табысқа қарай ұмтылысын ынталандырып, қолдау қажет. Ал табысты болу кәсіпкердің еншісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары