Шымкент қаласының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жасалды. Оның ішінде бизнесті қолдаудың институционалдық негіздерін одан әрі жетілдіру, жеңілдікті микрокредит беру арқылы микрокредиттер беруді кеңейту, мемлекеттік қызмет көрсетуді бизнеске беру есебінен кәсіпкерлер үшін шығасыларды қысқарту, бәсекелестікті дамыту және экономикаға жеке капитал тарту жолымен бизнес-ортаны кеңейту мен ынталандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Sn.kz.
Атап айтқанда:
– Адам капиталының сапасын арттыру:
– алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру, ауруханалар мен емханаларды медициналық жабдықтармен толық жарақтандыру арқылы сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
– әлеуметтік көмек тағайындау барысында көп балалы отбасыларды, мүгедектер мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарды қолдау шараларын күшейтумен, әлеуметтік келісімшарт қағидаттарын қолдануды және жұмыспен қамту шараларына еңбекке қабілетті адамдардың міндетті түрде қатысуын кеңейтуді жаңғырту;
– алдыңғы қатарлы материалдық базаны және оқытудың өзекті бағдарламаларын пайдаланумен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша оқытудың жүйелері мен әдістемелерінің негізінде мектептегі білім беруді реформалаумен, барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыру;
– «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы және «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде жаңа тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейте отырып, өмір сүрудің қолайлы және ыңғайлы жағдайларын құру мәселелері реттелетін болады.