$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік кәсіпкерлерге қолдау көп

Жобаны қаржыландыратын – кәсіпкерлер. Мемлекет тарапынан бұл жобаға ешқандай қаржы бөлініп жатқан жоқ. Мұндағы басты мақсат – кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, кәсіпке ынталандыру.
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz

Республикалық «Менің кәсібім» жобасының жетекшісі Айжани Нұрланова, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр, аудан әкімдігінің мамандары таяуда жоғарыда аттары аталған азаматтармен жүздесіп, құрал-жабдықтарды тарту етті, деп хабарлайды Sn.kz.

Ербол Әбілқайырұлы кәсібін бастаушыларға мемлекеттік саясатты түсіндіріп, бағыт-бағдар берді. Қалада бұл бағдарлама биыл бірінші рет жүргізілуде.

– Жобаны қаржыландыратын – кәсіпкерлер. Мемлекет тарапынан бұл жобаға ешқандай қаржы бөлініп жатқан жоқ. Мұндағы басты мақсат – кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, кәсіпке ынталандыру. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану керек. Әр әдам өзін жұмыспен қамтуға талпынуы керек. Аталған жоба қоғамдағы қайырымды азаматтардың арқасында жүзеге асуда. Үлкен кәсібі бар азаматтар өтінішімізді қолдады. Біз ақшалай материалдық көмек берсек, оны жаратып жіберуі мүмкін. Сол себепті де кәсібін бастауға қажетті заттарды әперуді дұрыс деп шештік, – дейді қала әкімінің орынбасары.
Жұмыс істеймін деген адамдарға барлық мүмкіндік бар. «Менің кәсібім» – кәсібін бастауға ниеттенген азаматтар үшін өте сәтті жоба.

Аталған жобаны Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов та қолдап, игілікті шара жүзеге асуда. Жалпы, бағдарламаға қатысуға Шымкент қаласынан 23 отбасы тіркелген. Жобаның мақсаты – табысы аз, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандарға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау көрсету.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кәсіпкерлік