Экономика 18.12.2019 сағат 11:15

Қандай жағдайда шетелге шығуға шектеу қойылмақ?

Шектеу несие бойынша қарыздары бар азаматтарға ғана емес, салық, алимент және өзге де төлемдерден жалтарып жүрген борышкерлерге қойылады.
Қандай жағдайда шетелге шығуға шектеу қойылмақ?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Борышкер саналатын жеке тұлғалардың шетелге шығуын уақытша шектеу туралы кез келген шешім 20 АЕК-тен (50,5 мың теңге) артық қарызы болса және соттың санкциялары негізінде қабылданады. Шектеу несие бойынша қарыздары бар азаматтарға ғана емес, салық, алимент және өзге де төлемдерден жалтарып жүрген борышкерлерге қойылады. Бұл туралы ақпаратты Skifnews.kz ақпарат порталына Ұлттық Банк хабарлады. 

Бұған қоса, қазірдің өзінде  «ҚР Банктер және банк қызметі туралы» Заңы банктерді қарыз берер алдында қарыз алушының төлем қабілеттілігін жан-жақты саралауға міндеттейді. 

Несие берер бұрын банк клиентіне  несие алу шарттары, мөлшерлемесі, тарифтері және жауапкершілігі жөнінде ақпарат беріп, несие келісімшартын бұзған жағдайда қандай жауапкершілік жүктелетінінен хабардар етуі абзал.   

Жүктемесіз несие (бланктік несие) тек сенімді әрі несие төлеуге қауқары жоғары клиенттерге ғана беріледі.  

Келісімшартқа қол қоймас бұрын банк клиентіне келісімшарпен танысуға қажетті уақыт береді, ал келісімшартқа отырғаннан кейін жалпы сомасы, валютасы, төлеу мерзімі мен төлем мөлшері, пайыздық мөлшерлеменің түрі мен көлемі, пайыздық мөлшерлеменің қорытынды сомасы, уақытында несиені өтемегені үшін тәркілеу мөлшері (айыппұл, өсім) жазылған естелік қағазын ұсынады. 

Егер қарыз алушы төлеу мерзімін кешіктіріп алса, банк қарыз алушыға төлеу мерзімінен кейінгі 30 күн ішінде мерзімі өткен берешектің келісім бойынша кешіктірілгеннен кейінгі сомасын және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамағандағы міндеттерді көрсете отырып төлемдерді жасау қажеттілігін хабарлайды. Қарыз алушы қарызды өтеу үшін банкке жүгінуге құқылы. Несие алушы тарапынан ешбір реакция болмаған жағдайда ғана банк төтенше шаралар қолданады. Соның ішінде қарызды өндіріп алу туралы талап арыз бере алады. 

Банк қарыз беруші ретінде берген несиесін өндіріп алуға мүдделі. Мәселен, басқа жағдайда банкке ақшаларын сеніп тапсырған депозитке салушылардың мүдделері бұзылмақ. Сол себепті борышкердің шетелге шығуға уақытша шектеу қойылуы несиені қайтару үшін қарастырылған шара. Бұл несиені беруге еш әсері жоқ. 

Ұлттық Банк мүдделі мемлекеттік органдармен бірге несие алушының бастапқы сомасын ұлғайтуды қарастырмақ. Оны арттырған жағдайда Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қойылатын болады. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар