18.01.2016, 06:47

Жамбыл облысында 5000 басқа арналған мал бордақылау кешені ашылады

Жамбыл облысында  «Мойынқұм Агро» ЖШС тарапынан 5 мың басқа арналған бордақылау кешені ашылады. Бүгінгі күнге дейін Ресейден 600 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал  және 1200 жылқы әкелінді.

Сондай-ақ, Меркі ауданында «Агростан» ЖШС-нің Малайзиялық кәсіпкерлермен бірге, Жаңа Зеландиялық жоба негізінде салған 3000 басқа арналған бордақылау кешені ашылды.

Атап өтсек, 2015 жылдың 11 айында облыс бойынша мүйізді ірі қара саны өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 1,1% артса,  қой мен ешкі –1,2% өсті, жылқы –2,1% артса, түйе саны - 3,4% артты,  шошқа саны - 10,4% артты.

Жалпы облыста МІҚ-ға арналған бордақылау кешендерінің құрылу жоспары 126,9% орындалды.

Өңірде 92,5 мың тонна ет өндірілді. 273,4 мың тонна сүт сауылды. 109,2 млн. дана жұмыртқа өндірілген.

Жамбыл облысының ауыл шаруашылығында мал басы саны да артып келеді, сонымен қатар асыл тұқымды мал да артқан.

Мал басы саны артуы  негізінен мал бордақылау кешендерінің кезең-кезеңімен қайта жаңарып құрылуына, диқан және жеке шаруа қожалықтарының, кішігірім ауылшаруашылық құрамдардың арқаларында жеткен.  Шаруашылық техникамен жабдықтану жетіліп барады. Асыл тұқымды малдың үлесі де  жоспарлы дамып бара жатыр.

Сонымен бірге, өңірде "Сыбаға",  "Құлан", "Алтын асық" мемлекеттік бағдарламалар да  ойдағыдай орындалып жатыр. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 4 042 аналық бас сатып алынып, жоспар 100,9% орындалды. Ал, «Құлан» бағдарламасы арқылы 2 317 бас жылқы сатып алынып, жоспар 115,9% орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы аясында 24 918 бас асыл тұқымды қой сатып алынып, жылдық жоспар 155,7% орындалды.

Облысымыздың мал шаруашылығы  аграрлық сектордың негізгі саласы болып табылады.  Осы істің дамуынан және жағдайынан халықтың әл-ауқаты деңгейіне байланысты, өнірдің өз ауыл шаруашылық өнімдерімен, ең алдымен ет  және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету.