$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстіктен солтүстікке тағы 400 отбасы қоныс аударады

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан Солтүстік аймаққа 400-ден астам отбасы қоныс аударуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, қазіргі таңда, аталған өңірге көшуге ниет білдірген 458 отбасының 50-і, яғни 200-ге жуық оңтүстікқазақстандық Солтүстікке көшіп, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы жұмыспен, баспанамен қамтылған. Ал қалған отбасылар үшін Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар қарастырып, құжаттарын реттеуде.

Бүгінде Күнгейден теріскейге көшкен отандастарымыздың дені құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы мен медицина салаларында еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда.

Еске салсақ, өткен жылдың маусым айында өңірімізге Солтүстік Қазақстан облысының арнайы делегациясы келіп, аймағымыздың жұмысқа қабілетті азаматтарын солтүстікке қоныс аудару арқылы тұрғын үй, басқа да әлеуметтік көмектер (оның ішінде, жұмыс берушілердің есебінен 53 тұрғын үй, 3 пәтер, жатақхана т.б) көрсете отырып, жұмысқа шақырған болатын. Осыдан соң, арада көп өтпей ОҚО әкімінің орынбасары Е.Айтахановтың жетекшілігімен арнайы топ Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, сондағы 13 ауданның еңбек рыногының жағдайымен танысып қайтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары