$ 514.65  544.6  5.17

Қазақстанда қаңтардың 1-інен бастап бензин қымбаттады

Бензин акцизін көтеру нәтижесінде, мемлекеттік бюджетке қосымша 50 миллиард теңге түседі деп көзделген.
фото: media.az
фото: media.az

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бензин акцизі екі еседен артық (тоннасына 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін) көтерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputnik жаңалығына сүйене отырып.

Бұл өз кезегінде бензин бағасына әсер етіп, оның бағасы литріне 10 теңгеге өседі. Ал ел үкіметі бензин бағасының өсуі инфляцияға қатты әсер етпейді деп сендіріп отыр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, мұнай өнімдері акцизін өсіру әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттік қаржының орнын толтыру қажеттілігінен туындаған.

«Республикалық бюджет жобасында әлеуметтік салаға 6 триллион теңгеге жуық қаражат қарастырылған. 2019 жылы бұл мақсатқа 5,3 триллион теңге бөлінген еді», - деп атап өтті Смайылов.

Бұдан бөлек, микро және шағын бизнестің үш жылға салықтан босатылуы республикалық бюджеттің кіріс бөлігін азайтады. Тағы бір фактор – көрші елдердегі, атап айтсақ, Ресейдегі бензин бағасы, дейді үкіметтегілер.

Мәселен, бізде АИ-91 бағасы 163 теңге болса, Ресейде литрі 260 теңге екен.
Бензин акцизін көтеру нәтижесінде, мемлекеттік бюджетке қосымша 50 миллиард теңге түседі деп көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары