$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтан наубайшылары әкімнен нан бағасын қымбаттатуды сұрап отыр (ВИДЕО)

Наубайшылардың айтуларынша, олар бір бөлке нанды 75 теңгеге сатып, қып-қызыл шығынға батып отыр екен.

Әлеуметтік нан бағасы бөлкесіне 95 теңге болуы тиіс. Елордалық наубайшылар осылай деп мелімдеуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

Наубайшылардың айтуларынша, олар бір бөлке нанды 75 теңгеге сатып, қып-қызыл шығынға батып отыр екен. Телеарнаға телефон арқылы сұхбат берген кәсіпкерлер өзара бірігіп, өнімнің құнын көтеруге қатысты шаһар басшысы Алтай Көлгіновке өтініш жасаған.

Әзірге қала әкімі мәселені жауапсыз қалдырып отыр. Кәсіпкерлер мемлекеттен негізгі өнімнің бағасын шектемеуін және әлеуметтік әлсіз топтар үшін арнайы сауда орындарын ашып беруді ұсынуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары