Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлады.
Бүгін Михаил Ломтадзенің ресми Youtube арнасында компания клиенттеріне үндеуі жарияланды. Kaspi.kz басшысы Kaspi клиенттері қосымша қандай қолдау алатыны туралы айтты.
- Біз жұмысымызда "Біздің клиенттерімізге жақсы, қазақстандықтарға жақсы болса, Kaspi-ге де жақсы", деген маңызды принципті басшылыққа аламыз. Сондықтан қаржы реттеушісінің шараларына қосымша біз клиенттерді қолдаудың жеке бағдарламасын іске қосамыз, жұмыссыз қалып, уақытша қаржылық қиындыққа тап болған клиенттерге ай сайынғы төлемді 2 айға шегереміз. Клиенттерді қолдау бағдарламасына өтінімді Kaspi.kz қосымшасында 2 сәуірден бастап беруге болады. Клиенттеріміз ешқайда шықпау үшін ұялы қосымшада жасадық, - дейді Ломтадзе.
Бірақ 3 маңызды нәрсеге назар аудару керек:
- Біріншіден, бағдарламаға қатысу үшін төленбеген қарызы болмауы керек.
- Екіншіден, 18 наурызға дейінгі алынған займдар бойынша ғана төлемдер шегеріледі.
Егер кірістеріңіз міндеттемелеріңізді қайтаруға жетпесе қазірден, бүгіннен бастап жаңа қарыз алмаңыздар.
- Үшіншіден, бағдарлама аясында төлемі кейінге шегерілген адамдар қаржылық жағдайы жақсарғанша жаңа кредит ала алмайды. Бұл бірінші кезекте клиенттерге қамқорлық жасау және олардың қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмау мақсатында жасалады.