$ 494.87  520.65  4.91

Карантин: қазір әлеуметтік көмекке жүгінген 960 мың адамға 5,3 миллиард теңге төленіп отыр

Аталған көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.
фото: elorda.info
фото: elorda.info

Биыл 6 мамырдағы жағдай бойынша 960 мың қазақстандық жалпы сомасы 5,3 миллиард теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік көмектің бұл түрін келесі санаттағы азаматтар алады:

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы, оның ішінде көпбалалы отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- медициналық, әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған азаматтар;
- жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Аталған көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды. Бұл ретте, 2020 жылдың наурыз айында 266 мың адам жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгенің төлеміне ие болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары