$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан өзі шығарған көліктерін моңғолдарға сатпақшы

Елімізде үлкен сұранысқа ие болмаған отандық көліктер енді Моңғолияға сатылатын болды. Атап айтқанда, ШҚО-дағы «БИПЭК АВТО–АЗИЯ АВТО» холдингінің өнімдерін моңғолдар пайдалануға келісімін беріп отыр. Бұл жайында ШҚО әкімі Даниял Ахметов пен Моңғолия премьер-министрі Цэрэндашийн Оюунбаатармен болған кездесу барысында айтылды.

Монғолия мемлекетінің аумағында қазақстандық автокөліктерді сату мақсатында монғолдық әріптестерге сату және қызмет көрсету жағынан қолайлы жағдай жасауға ұсыныс берілді деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, ШҚО әкімі Даниал Ахметов осыған дейін Әзірбайжан Республикасының Премьер-министрі Артур Раси-Задемен, Қырғыз Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Олег Панкратовпен және Тәжікстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Азим Ибрахиммен осы мақсатта келіссөздер жүргізген болатын.

Ал, «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниясы ВАЗ, УАЗ, Skoda, Chevrolet, KIA, Renault көліктерін құрастырумен айналысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары