Бірінші орынға басқаларды артқа тастаған Kaspi ие болды, тұрғындардың депозиттері бір-ден 74,8 млрд теңгеге өскен. Сәуір айының соңында Kaspi-дегі жеке тұлғалардың салым-дары 1,6 триллион теңгеден асты. Kaspi-дің сәуір айындағы көрсеткіштері жалпы банк сек-торындағы құлдыраудың бір бөлігін өтеді.
«Бізбен бірге болғандарыңыз үшін сүйікті клиенттеріміздің әрқайсысына алғыс айтамын! Мобильді қосымшамыздың және ең озық технологиялардың арқасында Kaspi.kz-тің бар-лық өнімдері мен сервистері үйден шықпай-ақ қолжетімді. Kaspi Депозитті мобильді қо-сымшаның өзінде ең аз сомамен – бар болғаны 1000 теңгемен ашуға болады. Депозитке бүкіл еліміздегі кез келген Kaspi Банкомат және Терминал арқылы комиссиясыз ақша са-луға болады», - деп мәлімдеді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.
Депозиттері өскен үш банк қатарында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен символикалық өсім көрсеткен Ситибанк бар. ТОП-10-дықтағы қалған банктерде ай бойы салымның ай-тарлықтай азаюы байқалды.