01.06.2020, 00:15

Нұр-Сұлтанда жөнделетін даңғылдың 1 метріне 5,1 миллион теңге бөлінбек (ВИДЕО)

Бір шақырымы долларға шаққанда, 12,3 млн доллар. Салыстырсақ, Қытайда – 2,2 млн доллар, Еуропа елдерінде орташа көрсеткіш – 6,9 млн доллар, АҚШ-та – 5,9 млн доллар...

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қабанбай батыр даңғылының жөндеу жұмыстары үшін әрбір метрге 5,1 миллион теңге бөліну жоспарланып отыр. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, bairaq.kz-ке сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған жолдың жалпы ұзындығы – 17,3 шақырым. Қарабайыр есепке салсақ, жөндеу жұмыстарының жалпы құны 89 миллиард теңгеге жуықтайды. Ал таяуда «Хабар 24» телеарнасы ол даңғылды қайта құрылымдауға 92 миллиард теңге жұмсалатынын хабарлаған болатын.

Бір шақырым жолдың құны – 5,1 млрд теңге, долларға шаққанда, 12,3 млн доллар. Салыстырмалы түрде алғанда, Қытайда жолды салу үшін 1 шақырымға – 2,2 млн доллар кетеді. Еуропа елдерінде орташа көрсеткіш – 6,9 млн доллар, ал АҚШ-та – 5,9 млн доллар.