Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ 1,3 миллион текше метр газды заңсыз жағып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ембімұнайгаз»АҚ-да жоғары күкірт мөлшері 1,3 миллион текше метрден астам газды заңсыз жағып жібергені анықталды. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде уәкілетті орган мемлекет кірісіне 1 миллиард 281 миллион теңге көлемінде экологиялық залалдың орнын толтырды», - деді Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.
Қоршаған ортаға эмиссия үшін 153,1 млн теңге сомасындағы салық төлемдері уәкілетті органдардың рұқсатынсыз «KMG Nabors Drilling Company» ЖШС-мен өндірілді.