Kaspi Gold картасын енді 16 жасқа толғандар да рәсімдей алады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мұндай мәлімдемені банк Instagram-дағы ресми парақшасына жариялаған.
"Барлығы жақсы көретін Kaspi Gold картасын енді 16 жастан ресімдеуге болады! Жай ғана Kaspi Gold картасын онлайн ашасыз, сосын 1 минутта атаулы картаны Kaspi.kz-тің кез келген ыңғайлы бөлімшесінде аласыз.
Картаны ресімдеу үшін тек Kaspi.kz мобильді қосымшасы ғана қажет", - делінген хабарламада.