$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жеке ұлттық төлем жүйесі әзірленуде

Ұлттық төлем жүйесін құру бойынша, Visa және Mastercard жүйелерін пайдаланумен тең Қазақстандағы Ұлттық банк мамандары жұмыс жасап жатыр. Бұл туралы кеше ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды skifnews.kz.

― Ұлттық банк қазір Қазақстандағы жаңа төлем жүйелерінің тұжырымдамасын әзірлеуде. Ол свитчинг және клиринг (мәліметті өңдеу және транзакция жасауға байланысты төлем карталарымен операциялар), Қазақстандағы төлем орталығы арқылы ел ішінде барлық транзакциялар жасау кезеңінде. Сондай-ақ, ерікті түрде жаңа жалпы банктік процесс орталығын құру жайлы сөз қозғалды, ― деді Қ.Келімбетов.

Оның атап өтуінше, коммерциялық банктер мен Visa және Mastercard төлем жүйелерінің өкілдерімен кездесулер мен сұхбаттар өткізіледі.

― Сондай-ақ, біз Азия төлем жүйелеріне қызығушылық танытып отырмыз. Бұдан өзге, Ресей Федерациясымен екі елдің ұлттық төлем жүйелері мәселелері бойынша ынтымақтастықтамыз, ― деп түйіндеді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары