Шығыс Қазақстан облысында 1,9 миллиард теңге сомасындағы залал өтелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.
Толығырақ айтқанда, Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті облыстағы акционерлік қоғамға қатысты ірі көлемде салықтан жалтару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Салық төлеуден жалтарған сома – 1,4 миллиард теңге, ал уақытылы берешекті төлемеу салдарынан есептелген өсімпұл 500 миллион теңге болыпты.
Тергеу барысында акционерлік қоғамның лауазымды өкілдері мемлекетке барлығы 1,9 миллиард теңге төленбеген салық түріндегі залалды толық өтеді. Кінәсін мойындап, шығынды толығымен өтеуіне байланысты, оларға қатысты қылмыстық іс қысқартылды.