10.07.2020, 01:15

Коронавируспен күреске бөлінген қомақты қаржы пиар роликтерге жұмсалған

фото: hightech.fm
«Бұл қаражат тендер арқылы тендер ұтқан компанияға беріп қойылған. Оны бюджетке қайтару қиын болады», – дейді Айгүл Соловьева.

Республикалық арнайы мониторинг тобы қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы күреске бөлінген қаражаттың қалай жұмсалғанын тексеріп жатыр, Бұл туралы осы топтың жетекшісі Айгүл Соловьева онлайн брифингте хабарлады, деп хабарлайды aikyn.kz.

«Кеше Президент коронавируспен күреске 191 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Бірақ, оған дейін бізге 400 миллион доллар бөлінген болатын. Біздің сараптамалық топ бұл ақшаның қалай жұмсалғанын, қандай іс-шараларға жұмсалғанын тексеріп жатыр. Менде бар ақпарат бойынша, пиар-компанияларға, роликтерге 600 миллион теңге бөлінген»,- деді ол.

Оның айтуынша, шамамен 200 миллион белгісіз мақсатта жұмсалған. Қазіргі уақытта бұл бағытта талдау жүргізіліп жатыр.

«Бұл қаражат тендер арқылы тендер ұтқан компанияға беріп қойылған. Оны бюджетке қайтару қиын болады», – деді ол.

Еске салайық, жарнама және PR үшін ғана 600 миллион теңге бөлген аталмыш министрлік карантин басталғалы дәріханаларда маска, антисептик сияқты сақтану құралдарының жеткізілуін реттей алмаған. Ал одан кейін бұл жағдай дәрі-дәрмекке байланысты ушығып еді. Ауруханаларда орын жетіспеушілігі де жасырын емес. Әлі де елдегі жағдай осы тұрғыда толық тұрақтала қойған жоқ.