31.07.2020, 04:20

Кәсіпкерлерге несиесін 1 қазанға дейін төлемейтін мүмкіндік берілмек

Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын әзірлеуді тапсырды.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантиндік шараларды ұзарту және карантиннен кейінгі кезеңге дайындық жөніндегі тапсырмасының орындалу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ретте, Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын әзірлеуді тапсырды. Әсіресе, ең көп зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау шарасы ретінде несие төлемдерін осы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімге кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады.

Сондай-ақ, Премьер-министр бизнес субъектілерінің қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітуді және азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық ережелерді сақтауына тиісті бақылау жасауды тапсырды.