07.08.2020, 20:41

Соңғы екі айда шетелге аударылған қаржы көлемі күрт артқан

фото: аlashainasy.kz
Шетел асқан бұл қаржылардың басым бөлігі Ресейге аударылады.

2020 жылдың маусым айында Қазақстаннан халықаралық ақша аударымы жүйесі арқылы шетелге рекордтық көлемде қаржы аударғылған. ranking.kz сайтының мәліметінше, бұл айда қазақ даласынан 92,8 миллиард теңге жіберілген. Бұл - былтырғы жылдың осы айымен салыстырғанда 22,1 миллиард теңгеге көп көрсеткіш, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстаннан соңғы екі айда көп аударылған ақша көлемі жартыжылдықтың есебіне әсер еткен. Мәселен, биылғы жартыжылдықта елден ауып кеткен ақша былтырғыдан 11 пайызға көп, яғни, 314,6 миллиард теңгеге артық.

Қазақстандықтар аударып жіберетін ақшаның ең қомақты бөлігі Ресейге кетеді – 88,7 миллиард теңге. Одан кейінгі орында 63,8 миллиард теңгемен Қырғызстан тұр. Оның 45,3 миллиард теңгесі - өткен айдың еншісінде. Үшінші орында Түркия тұр. Екі айдың ішінде бұл елге 54,1 миллиард теңге көлемінде қаржы кеткен.