$ 498.34  519.72  4.85

Шетелдік инвесторлар ОҚО-да бірнеше зауыт салады

Шетелдік инвесторларды Қазақстанға тарту жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. Осы бастаманы жүзеге асыру үшін ОҚО әкімдігі Түркия, Ресей, Венгрия, Оңтүстік Корея, Израиль сынды елдердің ірі кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізуде. Ертең облыс орталығында өтетін «Ontustik Invest - 2016» форумы барысында бірнеше инвест-жобаның тұсауы кесілмек. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Инвестицияның басым бөлігі өңірдегі ауылшаруашылық саласын дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, тамақ мен тоқыма өнеркәсібі, фармацевтика, туризм, машина жасау, құрылыс, логистика салаларына да шетелдік қаражат тартылады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары