$ 494.87  520.65  4.91

4 миллиард теңге: Қазақстанда қымбат тойханалар жаппай сатылымға қойылып жатыр

Бір қызығы, тойға мыңдаған адам шақыратын Шымкентте тойханалардың бағасы алдыңғы екі мегаполиске қарағанда әлдеқайда арзан. Мысалы, онда 550 адамға арналған бір тойхана 750 миллионға бағаланып тұр.
фото: astana.restoran.kz
фото: astana.restoran.kz

Құны миллиардтарға бағаланған зәулім сарайлардың жарнамасы сайттарда толып тұр. Қазірдің өзінде 1300-ге жуық түрлі тамақтану орындары, мейрамхана, бизнес орталықтар мен тойханалар сатылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, 31 арнаға сілтеме жасап.

Сатылымға шыққан той өтетін орындардың бағасы да аспандап кеткен. Ең арзаны 300-400 миллион теңгеден басталып, миллиардтарға дейін барады. 

Шарасыз кәсіпкерлердің жарты жылдан бері қаңырап бос тұрған тойханаларының көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан сатылымға қойылған. Мәселен, елордадағы 5600 шаршы метр бір кешен 4 миллиард теңгеге жуық қаражатқа бағаланған. Ал Алматыда 500 адамдық зәулім ғимараттың құны 1,5 миллиард теңге шамасында.

Бір қызығы, тойға мыңдаған адам шақыратын Шымкентте тойханалардың бағасы алдыңғы екі мегаполиске қарағанда әлдеқайда арзан. Мысалы, онда 550 адамға арналған бір тойхана 750 миллионға бағаланып тұр.

Сала маманы соңғы кездері тамақтанатын орындарды сатып жатқан кәсіпкерлердің күрт артқанын алға тартты.

«Біздің агенттік 10 жылдан бері нарықта жылжымайтын мүлік сатумен айналысады. Соңғы кездері түрлі дәмхана, мейрамханалардың иелері бізге көптеп хабарласып, бизнестерін сатылымға қойып жатыр. Себебі, коронавирус індетіне байланысты, олардың жұмыстары қиындап кетті», - дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Виталий Браиловский.

Ал бизнес иелері тойханаларын тойдың жоқтығынан кәсіптері тоқтап тұрғандықтан, әрі мойындарында несие болғандықтан сатылымға қойғандарын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары