"Прайм" адвокаттар алқасы филиалының меңгерушісі Анатолий Миронов кейде депозиттегі ақша да із-түзсіз жойылып кетуі мүмкін деп отыр. Оның айтуынша, банк қызметкерлерінің әрекетіне өте мұқият болу керек.
Сондай-ақ заңгер клиент банкке барған сайын ол жердегі атмосфераға әбден бейімделіп алғандықтан жинақы бола алмай қалатынын айтты. Осы кезде алаяқтар өз жоспарын іске асыруы мүмкін көрінеді.
"Банк салымындағы жеке тұлғалар ақшасының жоғалуына банк қызметкерлерінің қатысы болады. Сондықтан олар ұсынған құжатты барынша тексеріп, қол қою қажет. Мысалы, банк қызметкері клиентке тиімді үстемақысы бар депозитті жарнамалауы мүмкін. Клиент бұған келісіп, келісімшартқа қол қоя салады. Сол сәтте банк клиенті құжаттың өте ұсақ әріптермен жазылған тұсына мән мұқият мән берген жөн. Себебі, барлық қаражат банк қызметкерінің басқаруына көшіп кетуі ғажап емес. Кейін ақшаны қайтару мүмкін болмайды", - деді сарапшы.
Оның сөзіне қарағанда, алаяқтардың банк қызметкерлерінен салымшының құжат мәліметін де алатын кезі жиі болып тұрады. Кейін құжатты қолдан жасап, ақшаны шешіп алады. Маман бұдан қорғану үшін барлық жинақты бір банкте сақтауға кеңес берді.