29.09.2020, 21:43

Еуро бағамы 500 теңгеден асты

фото: prodengi.kz
Еуро бағамы 502 теңге болды. Бұл кешегі сауда-саттықпен салыстырғанда үш теңгеге артық. Ал доллар бағамы сағат 429,58 теңге болды.

KASE қор биржасында еуро бағамы айтарлықтай қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еуро бағамы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да 502 теңге болды. Бұл кешегі сауда-саттықпен салыстырғанда үш теңгеге артық. Ал доллар бағамы сағат 17.00-де 429,58 теңге болды. 29 қыркүйектегі таңертеңгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 429,40 теңге болған еді.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 505,04 теңге сатылып жатыр, ал сатып алу - 502,39 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында еуроны орташа есеппен 504,08 теңгеден сатып жатыр.