$ 449.3  489.69  4.89

Шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығы төмендеп барады

Тек Ауыл шаруашылығы саласында ғана өсім бар.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Әлемде коронавирусқа байланысты пандемия жарияланғалы бері Қазақстан экономикасының біраз секторы тұралап қалды. Десе де, елге шетелден келетін инвестиция ағыны тоқтаған жоқ, тек оның көлемі айтарлықтай азайды, деп жазады Azattyq Ruhy сайты.

Редакция Қазақстанға қай ел қанша ақша салып жатқанын зерттеп көрген.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстан экономикасына құйылатын шетелдік инвестиция бір жыл ішінде $2 млрд долларға қысқарған.

Мәселен, Ұлттық Банктің дерегінше, 2020 жылдың II тоқсанында Қазақстанға шетелден келген инвестициялардың жалпы көлемі $4,5 млрд құрады, ал 2019 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш $6,2 млрд болған, яғни бір жылда сома $2 млрд-қа немесе 27,4%-ға қысқарды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың мәліметінше, негізгі инвесторлар салымы айтарлықтай азайған. Пандемия кезінде де инвестиция салуды доғармаған ТОП-5 елдер тізімі мынадай (2020 жылғы 1 жартыжылдығы бойынша):

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ҚАЙ САЛАНЫ ЖИІ ТАҢДАЙДЫ?

Соңғы бір жылда шетелдік инвесторлардың қызығушылығы сумен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салаларында артқан.

«ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес, 2020 жылғы 1 жартыжылдығында мына салаларға құйылған инвестиция көлемі өсім көрсетті: сумен жабдықтау – 19 есе (41,4 млн. АҚШ. долл.), ауыл шаруашылығы – 2,4%-ға (8,5 млн. АҚШ. долл)», - деді Алмас Айдаров.

ҚАНДАЙ СЕКТОРДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ АЗАЙДЫ?

ҚР Ұлттық Банк деректеріне сәйкес, 2020 жылғы 1 жартыжылдығында келесі салаларда шетелдік инвестицияның үлесі азайған:

ақпарат және байланыс – 85,2%-ға (салаға тартылған ТШИ ағыны – 19,2 млн. АҚШ долл.);
кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 57,6%-ға (74,1 млн. АҚШ долл.);
қаржы және сақтандыру қызмет – 48,1%-ға (377,7 млн. АҚШ долл.);
тұру және тамақтану бойынша қызмет – 47,4%-ға (31,7 млн. АҚШ долл.);
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 46,7%-ға (55,6 млн. АҚШ долл.);
құрылыс – 41,8%-ға (269,1 млн. АҚШ долл.);
тау-кен өндіру өнеркәсібі – 40,6%-ға (4,3 млрд. АҚШ долл.);
электрмен жабдықтау – 22,4%-ға (109,9 млн. АҚШ долл.);
көлік және қоймалау – 17,2%-ға (428,5 млн. АҚШ долл.);
сауда – 13,3%-ға (1,2 млрд. АҚШ долл.);
өңдеу өнеркәсібі – 11,3%-ға (1,3 млрд. АҚШ долл.).
Айта кетерлігі, ҚР Ұлттық Банк деректеріне сәйкес, 2020 жылғы 1 жартыжылдығында Қазақстанға салынған тікелей шетелдік инвестиция былтырмен салыстырғанда (12,4 млрд. АҚШ долл.) 34,7%-ға төмендеп, 8,1 млрд АҚШ долларын құрады.

Өңірлер бойынша қаражаттың басым бөлігі Алматыға – $1,2 млрд және Атырау облысына – $1,1 млрд салынған, одан кейін ШҚО – $449,5 млн, Ақтөбе облысы – $357,4 млн, Павлодар облысы – $262,1 млн, БҚО – $237,8 млн және Қарағанды облысы – $162,2 млн.

Ең аз алынғандар Жамбыл облысы - $12,7 млн және СҚО - $2,3 млн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары