Шымкент қаласындағы жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені осылай аталатын болады. Бүгінгі таңда жол және басқа да коммуникациялар орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы кешеннің орталығында орналасатын саябақтың құрылысы басталады.
«Shymkent City» қалананың солтүстік бөлігінде, Бәйдібек Би ескерткішінің жанында орналасатын болады. Кешен заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылған, өмір сүруге және кәсіп жүргізуге қолайлы, ең жоғары стандарттарға жауап береді.
Жоба өткен жылы ұсынылған Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму концепциясының шеңберінде жүзеге асырылуда.
«Бүгін баршамыз үшін болашақтың іргесін бастайтын тарихи сәт, біз Орталық Азияның ең ірі шаһарларының біріне айналатын Шымкент қаласының дамуындағы жаңа кезеңді ашып отырмыз», — деді шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов «Шымкент Сити»-дің құрылысы бойынша өткен алғашқы отырысында.
«Shymkent City» жай ғана жаңа кешен емес, ол ең алдымен қала тұрғындарының өмір сүруі үшін барша жағдай жасалған, жаңа стандарттардың үлгілі көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар, табиғатқа деген құрмет, қауіпсіздік пен қолайлылықтың жоғары үйлесімін тапқан жаңа кешен болмақ» – деп атап өтті шаһар басшысы.
Кешен аумағында жаңа объектілердің құрылысы жеке инвестициялардың есебінен болатындығын атап өткен жөн.
«Shymkent City» жобасы қаламызды үшінші мегаполиске айналдыру бойынша Елбасымыздың тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылуда.