$ 498.51  522.84  4.81

«Банк жүйесіндегі депозиттер бір айда 3,3%-ға ұлғайды» - Ұлттық банк

Егер Франция мен Германияға басқа Еуропа елдері қосылса, қараша мен желтоқсанда мұнайды өндіру сұраныстан асып кетуі мүмкін. Еуропаға мұнайды әлемдік тұтынудың 20%-ы тиесілі.

Бүгін Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қазандағы республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы қаралды. Банк саласының жай-күйі туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, әлемдік қор нарықтарында құбылмалылық артқан. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы, Премьер-министр сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемде коронавирусты жұқтыру жағдайлары санының күрт ұлғаюы және АҚШ-тағы президент сайлауы аясында ағымдағы жылы қазанда әлемдік қор нарықтарында белгісіздік пен құбылмалылық артты. Қазан айының қорытындысы бойынша Американың акция нарықтары теріс мәндермен жабылды. Еуропадағы акциялар ағымдағы жылғы наурыздан бастап ең күшті құлдырауды көрсетті. Инвесторлар карантин шаралары еуроаймақ экономикасын қосарланған рецессияға итермелеуі мүмкін деп алаңдауда.

 Е. Досаевтың айтуынша, қазанда АҚШ долларының қымбаттауына және дамушы елдер валюталарының әлсіреуіне алып келген АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысына қатысты белгісіздік өткен аптаның соңында демократиялық партиядан кандидат Джо Байденнің жеңісі аясында төмендеді. 

Нарық бұл жаңалықты, сондай-ақ демократиялық партияның Сенатты болжалды түрде бақылай алмауын экономикаға көмек көрсетудің жаңа бағдарламасын келісу мүмкіндігін ескере отырып, оң қабылдады.  

  «Франция мен Германияда локдаун енгізуді талқылау аясында қазанның соңында тауар нарықтарында төмендеу байқалды. Жалпы алғанда, Еуропаға мұнайды әлемдік тұтынудың 20%-ы тиесілі. Егер Франция мен Германияға басқа Еуропа елдері қосылса, қараша мен желтоқсанда мұнайды өндіру сұраныстан асып кетуі мүмкін. Бұл ОПЕК-ке қысым көрсетеді және 2021 жылғы қаңтардан бастап өндіруді ұлғайту жоспары қайта қаралуы мүмкін», — деді Е. Досаев.

  Қазан айының соңында Еуроодақ елдерінде коронавируспен ауыру айтарлықтай өсті, кейіннен ағымдағы жылғы қарашада шектеу шаралары қабылданды. Осыған байланысты қарашада экономикалық белсенділіктің қысқаруы күтіледі. 

«Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі ағымдағы жылғы қазанда өнеркәсіп және көрсетілетін қызметтер саласындағы өсу есебінен 47,6 тармақтан 48,8 тармаққа дейін көтерілді. Құрылыста көрсеткіш 47,6 тармаққа дейін 1,5 тармаққа қысқарды», — деді Ұлттық банк төрағасы.

 Биыл қазан айында жылдық инфляция 7,1%-ға дейін өсті, бір ай бұрын 7% болды. Азық-түлік тауарларының бағасының жылдық өсуі азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,5%-дан 5,6%-ға дейін және ақылы қызметтерге бағаның 3,6%-дан 3,7%-ға дейін өсуі кезінде 10,8%-дан 10,7%-ға дейін аздап баяулады.

Инфляцияның шамалы жеделдеуі қысқа мерзімде пайдаланылатын тауарлардың қымбаттауы және коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуін қалпына келтіру аясында байқалады. Сыртқы және ішкі нарықтардағы жоғарғы белгісіздік аясында ағымдағы жылғы 26 қазанда базалық ставка +/-1,5 п.т. пайыздық дәлізімен 9% деңгейінде сақталды.

 Сыртқы сектордағы белгісіздік пен құбылмалылықтың өсуі тәуекелді активтер мен дамушы елдердің валюталарына қысым көрсетті.  1. Қайтадан карантин шараларын енгізу ықтималдығының өсуі нәтижесінде қазанның соңына қарай мұнай бір баррелі үшін $37,5 дейін едәуір төмендеді, бұл мұнайға сұраныстың әлсіреуін білдіреді. Бір айда төмендеу 8,5% болды. 

 Биыл 30 қараша–1 желтоқсанда өтетін ОПЕК+ отырысының қарсаңында ағымдағы айдың басынан бері мұнай бағасы біртіндеп өсе бастады, отырыста шектеулерді ұзарту не қосымша қысқартулар мүмкіндігін қарастыру күтіледі.

 Pfizer және BioNTech компанияларынан вакцинаның сәтті сынақтан өткізілгені туралы оң жаңалықтың аясында мұнай бағасы бір күнде 7,5%-ға ұлғайып бір баррелі үшін $42,4 дейін өсті. 2. Әлемдік экономиканың дағдарыстың жаңа кезеңіне кіруі және сыртқы нарықтардағы жоғары белгісіздік АҚШ доллары индексінің өсуіне алып келді, бұл дамушы елдердің алтын және валютасының құнына әсер етті. Ағымдағы жылғы 9 қарашада АҚШ доллары индексінің төмендеуі және АҚШ-тағы президенттік сайлау жағдайының анықталуы аясында алтын бір унциясы үшін 0,8%-ға $1863 дейін арзандады. 

Е. Досаев атап өткендей, биыл қазанда дамушы елдердің валюталары АҚШ пен бірқатар Еуропа елдерінде коронавирустың қайталану тәуекелін іске асыру аясында әлсіреуді жалғастырды. Мысалы, түрік лирасы бір айда 8%-ға, Ресей рублі - 2,2%-ға, Бразилия реалы - 2,3%-ға әлсіреді. Ағымдағы жылғы 9 қарашада биржадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің айырбас бағамы ай басынан бері 0,3%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 431,17 теңгені құрады. Алдын ала деректер бойынша 2020 жылғы 3-тоқсанда сауда балансы Ұлттық банктің төлем балансының әдістемесі бойынша 1999 жылдан бері алғаш рет (-)1,0 млрд АҚШ доллары мөлшерінде теріс қалыптасты.  

Нәтижесінде 2020 жылғы 9 айда сауда балансының профициті $9,1 млрд дейін 35%-ға төмендеді. Тауарлар экспорты 18,4%-ға қысқарды, бұл мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуіне байланысты болды. 

 Тауарлар импорты инвестициялық тауарларды 12,6%-ға және аралық тауарларды 12,6%-ға әкелуді қысқарту нәтижесінде 10,4%-ға қысқарды. Алдын ала деректер бойынша қазанда Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері көбінесе мемлекеттік борышты төлеу және интервенция жүргізу есебінен $200 млн-ға - $33,6 млрд дейін төмендеді. 

 Қазандағы теріс түзетулерге қарамастан, 2020 жылдың басынан бері инвестициялық кіріс шамамен  $950 млн құрады. Ағымдағы жылғы қазанның соңында Қазақстанның халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша бір айда 1,3%-ға азайып, $89,9 млрд құрады. Банк жүйесіндегі депозиттер бір айда 3,3%-ға ұлғайып, ағымдағы жылғы қыркүйектің соңында 21,4 трлн теңге болды. 

 Теңгедегі салымдар қыркүйекте 12,6 трлн теңгеге дейін 2,2%-ға, валюталық салымдар 5,1%-ға өсті.  

Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылғы қыркүйекте 40,9% деңгейінде қалыптасты. Бизнестің кредиттік портфелі қыркүйекте 7,3 трлн теңгеге дейін 0,2%-ға ұлғайды. Бизнеске теңгемен кредиттер бойынша ставка ағымдағы жылғы қыркүйекте 12,1%, оның ішінде ағымдағы жылғы қыркүйекте қысқа мерзімді кредиттер бойынша – 11,8%, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша – 13,3% болды.

 Қыркүйекте халықтың кредиттері 7 трлн теңгеге дейін 2%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында тұтынушылық қарыздар 4,2 трлн теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыздар 2,1 трлн теңгеге дейін 3,6%-ға ұлғайды. Қазақстан экономикасын қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда.

1. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 6 қарашадағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 872,7 млрд теңгеге 1 277 өтінім қабылданды, оның ішінде банктер жалпы сомасы 447,6 млрд теңгеге 487 өтінімді мақұлдады, 427,9 млрд теңге сомасына 691 қарыз берілді. 

2. Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 6 қарашадға дейін кәсіпкерлер 567,3 млрд теңге сомасына 2 291 өтінім берді, 444,8 млрд теңгеге 4 292 өтінім, оның ішінде 91 млрд теңге бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді.

 Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда. 

1. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы  5 қарашада 295,3 млрд теңгеге 25 186 өтінім мақұлданды, оның ішінде 232,1 млрд теңге сомасына 19 891 қарыз берілді. 

2. «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама бойынша ағымдағы жылғы 5 қарашада 404,5 млрд теңге сомасына 45 866 өтінім мақұлданды, 320,6 млрд теңгеге 37 176 қарыз берілді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары