Қазақстан қор биржасында (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 425,40 теңгені құрап, 0,33 теңгеге көтерілді.
Сондай-ақ, айырбастау пункттерінде еуро айтарлықтай қымбаттады. Мәселен, қазір 1 еуро шамамен 515-515,5 теңгеге сатылып жатыр және 511-512,5 теңгеден сатып алуға болады. 30 қарашада 1 еуро 508-510 теңге болған еді.
Доллардың құны валюта айырбастау орындарында 425,7/427,2 теңге, рубль – 5,61/5,67 теңгені құрады.
Сонымен қатар, әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеуде.