$ 494.87  520.65  4.91

Биыл кәсіпкерлерге бір трлн теңге қарыз берілді

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеу 600 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін артқан.
фото: atr.kz
фото: atr.kz

Биыл кәсіпкерлікке қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында 8,5 мың доллар қарыз берілді. Бұл 1 трлн теңге, деп хабарлайды «Хабар 24». 

«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы бойынша тиімді несие мөлшері 2,5 млрд теңгеден 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
 
Салалық шектеулер алынып тасталды. Ал кепілдік лимиті қарыз сомасының 85%-іне дейін ұлғайтылды. Сәуір-шілде аралығында несиелеу баяулап қалғанымен тамыздан бастап қарқын алған.

 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеу 600 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін артқан. 

Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті директорының орынбасары Ерлан Сейіловтің айтуынша, іске асырылған дағдарысқа қарсы шаралар пандемияның бірінші толқынына төтеп беруге мүмкіндік жасады. Биыл тұтынушылық несие көлемі 4,2 трлн теңгеге дейін өсті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары