07.12.2020, 20:21

Доллардың теңгеге қатысты бағамы өсіп жатыр

Америкалық валютаның 8 желтоқсандағы ресми бағамы 421,51 теңге болады.

Қазақстан Ұлттық банкі доллардың 8 желтоқсандағы ресми бағамын жариялады. Ұйымның мәліметінше, доллардың теңгеге қатысты бағамы өсіп жатыр.

Америкалық валютаның 8 желтоқсандағы ресми бағамы 421,51 теңге болады.

Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметі бойынша, дүйсенбі, 7 желтоқсанда доллар бағамы 420,79 теңге болған еді. Өткен демалыста да дәл сондай бағам болған. Алайда, бүгін биржадағы таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша орташа сараланған бағам бір долларға 421,37 теңге болды.

Тегтер: доллар