08.12.2020, 11:40

Хакерлер әлемдік экономикаға 1 трлн доллар шығын келтірген

фото: pixabay.com
Пандемия кезінде адамдардың интернеттегі белсенділіктері едәуір артты.

Киберқылмыстар салдарынан дүниежүзілік экономикаға келген шығын мен киберқылмыстардан сақтануға кеткен қаржы биыл 1 триллион доллардан асты, деп хабарлайды Хабар 24.

Екі жыл бұрын бұл сома шамамен 600 млрд долларды құраған. Бұл туралы McAfee вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама компаниясы мен Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) бірлескен есебінде айтылған. 

Әлем бойынша ел үкіметтері мен компаниялар хакерлік шабуылдардан шамамен 945 млрд доллар, ал киберқауіпсіздікке қосымша шығындар үшін тағы 145 млрд доллар жоғалтқан. Кибершабуылдың салдарынан болған жұмыстағы ең ұзақ үзіліс 18 сағатты құрап, ұйымдарға орташа есеппен жарты миллион доллардан астам шығын келген. 

Пандемия кезінде адамдардың интернеттегі белсенділіктері едәуір артты, бұл қылмыскерлерге де көп мүмкіндік берді.