09.12.2020, 12:40

Елімізде доллар бағамы төмендеді

Фото: ашық дереккөз
Таңғы сауда қорытындысы бойынша, биржада доллардың орташа бағамы 419,97 теңге болды.

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді. KASE деректеріне сәйкес, доллар 1,16 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, биржада доллардың орташа бағамы 419,97 теңге болды.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 420,99-420,94 теңге сатылса, 419,51-419,83 теңгеге сатып алынып жатыр.

Тегтер: доллар