26.01.2021, 13:00

«Халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауы тиіс» - Тоқаев

фото: pixabay.com
100 мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды. Әсіресе, бағдарламаның ауылдағы түлектеріне қаржы жетпей жатыр.

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейілген отырысында халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан астауы тиіс екендігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Биыл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс. Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бір айдың ішінде осыған қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырамын. 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы – халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы. Оның «Бастау-бизнес» бағыты бойынша 150 мыңнан астам адам оқып шықты. Бірақ тек 10 пайызы несиеге, 19 пайызы грантқа ие болды. 100 мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды. Әсіресе, бағдарламаның ауылдағы түлектеріне қаржы жетпей жатыр. Сондықтан бағдарламаның қаржы көлемін ғана емес, оны жүзеге асыру ұстанымдары мен тетіктерін қайта қарауымыз керек

. Халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауға тиіс", – деді Мемлекет басшысы.