$ 444.22  476.38  4.82

ЕАЭО елдеріне ортақ валюта енгізіле ме?

Еуразиялық экономикалық одаққа Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мүшелік етеді.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Экономика және қаржы саясаты бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Тимур Жақсылықов жақын арада ЕАЭО шеңберінде бірыңғай валюта енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, деп жазады baq.kz

Бұл жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Бірақ ЕАЭО аясындағы бірде – бір келісімшартта ортақ валюта енгізу туралы айтылмайды. Еуразиялық одақтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясында мұндай жоспарлар жоқ. Мұндай келісссөздер жүргізілмейді. Менің ойымша, бірыңғай валютаны енгізудің обьективті алғышарттары әлі жетілмеген, - деп түсіндірді Тимур Жақсылықов.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мүшелік етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары