$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстанда бензин тапшылығы болуы мүмкін (ВИДЕО)

БАҚ-та біздегі ЖҚС-тарда қозғалтқышы дизель отынымен жұмыс істейтін ресейлік үлкен жүк көліктерінің тізіліп тұрғаны жайлы ақпарат жиіледі.

Еліміздің бензин тапшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мұнай және газ нарығы бойынша сарапшы Ерлан Жаукиннің айтуынша, соңғы аптада Ресеймен шекаралас өңірлерде бензиннің бөлшек саудасы айтарлықтай өскені байқалды. Бірақ бұл еліміздегі көлік тізгіндегендер әдеттегіден көп жүріп кеткендігін білдірмесе керек. БАҚ-та біздегі ЖҚС-тарда қозғалтқышы дизель отынымен жұмыс істейтін ресейлік үлкен жүк көліктерінің тізіліп тұрғаны жайлы ақпарат жиіледі. Иә, неліктен дизельмен жүретін жүк көліктері отын багына бензин құйып жүр? Көліктің қозғалтқышы істен шығатыны анық қой. Ол сұрақтың жауабын ендеше біз айтайық.

Дәл осындай бір "фура" бензин тасымалдау үшін әдейі жасалған бакпен 4000 литрге дейін бензин тасымалдай алады. Ал тәулік ішінде дәл осындай "фуралардың" қаншасы келіп кетеді. Бұл көрші елдегі көлеңкедегі кәсіпкерлердің тірлігі. Сондай-ақ оны қазақстандық бензиннің көлеңкелі экспорты деп те атауға болады. Өткен жылдың мамырында ел шекарасында ресейлік дизель тиеген жүк көліктері ұзынсонар кезекте тұрғаны есімізде.

Бірақ ол кезде қазақстандық кәсіпкер барлығын заңды жолмен тасымалдады. Ал қазіргі әрекеттерді заңды деуге мүлдем келмейді. Қазақстанға бұдан келер қауіп бар ма? Егер осы бензин заңды түрде тасымалданған болса, оны сөз етудің өзі артық болар еді. Бірақ алдағы көктемде өзімізде де бензин тапшылығы туындауы мүмкін екенін байқаймыз.

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның жалпы ұзақтығын, ЕАЭО аясында серіктес-мемлекеттер арасында тауарлардың қозғалысына заңдық шектеудің жоқтығын, екі ел арасында бензин бағасында едәуір айырмашылықты, ресейлік нарықта бензин қорының аздығы мен барлық шекаралас өңірлер қазақстандық арзан бензинмен қамтылғанын ескерсек, алдағы апталарда Ресейге кететін бензиннің көлемі тек ұлғая түсетінін болжауға болады.

Айта кетейік, Қазақстан бензин құны ең арзан әлемдегі 10 елдің бірі. Бірақ ашық нарық жағдайында, қара бақырға жұмыс істейтін ақтөбелік мұнайшы қазақ жанармайын Ресейде қайтара сататын ресейлік кәсіпкерді байытып жатыр деген сөз. Елімізде жанармайдың бөлшек саудадағы бағасын көтеру қажет десек те, оны Ресеймен теңестіру керек деуден аулақпыз. Коронавирустық дағдарыс пен әлемдік энергетика нарығының қазіргі жағдайында бағаларымыз әлемдік нарықтан әлдеқайда арзан. Біз басқа әлемдік бағалар деңгейіне жетуіміз керек. Жанармай бағасын қымбаттатудан кімдер пайда табады? Ол ЖҚС иелері емес, өйткені бөлшек сауда бағасының қымбаттауы өндіруші зауыттарда көтерме сауда бағасынының көтерілуінен туындайды.

Бүгінде Атырау мұнай өңдеу зауытына өңдеуге тасымалданатын мұнайдың бағасы тоннасына 20-45 мың теңге көлемінде, бұл дегеніміз қайта есептегенде 6,5-15,2 баррель шамасында. Қазіргі таңда мұнай бағамы барреліне 60 доллардан асып түсті.

Яғни бензинннің бағасын арттыру қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына өңдеуге тасымалданатын мұнайдың бағасын арттыруды тудырады. Еліміздің бензин нарығын қамтамасыз ету және көршілеріміздің бизнесін жандандыруға жағдай жасамас үшін, бензин бағасын арттыру – бұл еліміз нарығы үшін міндетті шара болып табылады. «Алдымен өзіңді қамда, содан кейін өзгені бапта» деген қағида дәл өзекті болып тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бензин #мұнай