$ 494.87  520.65  4.91

«БЖЗҚ активтерін жоғалтып жатыр» – Ұлттық банк төрағасы

Азаматтар алынған жинақтардың 99,7 %-ын тұрғын үй мәселелерін шешуге бағыттауға ниетті.

Тұрғын үйге және емделуге қаражат алу мүмкіндігіне байланысты зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу БЖЗҚ түсімдерінен асып түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.kz.

«Жыл басынан бері БЖЗҚ зейнетақы активтері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын шешіп алуына байланысты 0,3 трлн теңгеге немесе 2,0 %-ға - 12,6 трлн теңгеге дейін төмендеді. Салымшылар енгізген зейнетақы жарналарының көлемі 191,7 млрд теңгені, зейнетақы төлемдері – 60,1 млрд теңгені құрады», - деп хабарлады Ерболат Досаев.

Жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыс мөлшері 222,9 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша, 1,3 % инфляция жағдайында 1,7 % мөлшерінде кіріс түсті.
Ерболат Досаевтың айтуынша, нақты кіріс инвестициялық қызмет, сондай-ақ зейнетақы активтерін қайта бағалау нәтижесінде қамтамасыз етілген.

Айта кетерлігі, қазақстандықтар 700 млрд теңгеден астам қаражатты мерзімінен бұрын алды. Азаматтар алынған жинақтардың 99 %-ын тұрғын үй мәселелерін шешуге жұмсауға ниетті.

«9 наурыздағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға жазған 138,9 мың өтініші орындалды, ол - 721,7 млрд теңге. Азаматтар алынған жинақтардың 99,7 %-ын тұрғын үй мәселелерін шешуге бағыттауға ниетті. 4 басқарушы компанияға 936,3 млн. теңгеге 402 азаматтың зейнетақы жинақтары берілді. Өңірлер бойынша Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне барлық алу көлемінің 62,5 %-ы тиесілі», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Еске салайық, қаңтар айының басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. 23 қаңтардан бастап елімізде зейнетақы ақшасын пайдалануға өтінімдер қабылдауға арналған онлайн-платформа іске қосылды. Бұл қаражатты қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе өздерінің басқа да қажеттіліктеріне жұмсай алады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары