16.03.2021, 12:00

Елімізде еңбекақының орташа айлық мөлшері жаңарды

Фото: ашық дереккөз
2020 жылдың IV тоқсанында жұмыссыздар саны 453 мың адам болды.

Қазақстанда бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық мөлшері жаңарды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2021 жылдың ақпанындағы бағалау бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы - 223 213 теңге.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2021 жылғы қаңтарда 115 684 теңге болды. Бұл 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,8 пайызға жоғары. Бірақ, нақты ақшалай кірістер көрсетілген кезеңде 2,4 пайызға төмендеді.

2020 жылдың IV тоқсанында жұмыссыздар саны 453 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9 пайызын құрайды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы ақпанның соңында 192 мың адам немесе жұмыс күшінің 2,1 пайызы.

Айта кетейік, 2020 жылдың соңында бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 233 136 теңге болғаны хабарланған еді.

Тегтер: еңбекақы АЕК