$ 447.4  477.55  4.76

Доллар тағы да қымбаттады

Қазақстанда доллар қымбаттады. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 0,35 теңгеге өсіп, 427,19 теңгеге жетті.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды 427-429 теңгеге сатып алуға болады, ал сатылу бағасы - 426-427 теңге деп жазды sputnik.kz

Қазақстанда доллар қымбаттады. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 0,35 теңгеге өсіп, 427,19 теңгеге жетті.
KASE сауда-саттық жүйесінде жарияланған алғашқы теориялық баға 427,43 теңге мөлшерінде белгіленді, деп хабарланған Қазақстан қор биржасының сайтында.

Кurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде долларды 427-429 теңгеге сатып алуға болады, ал қабылдау бағасы - 426-427 теңге.
Алматының айырбас орындарында бір доллар 426-427 теңге тұрады, сату бағасы - 427-429 теңге.

Шымкенттің айырбас орындарында бір доллар 428 теңгеден сатылып, 426 теңгеден қабылданып жатыр.
Айта кетейік, наурыздың соңында Қазақстанда доллар бағамы 423 теңгені құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары