Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды 427-429 теңгеге сатып алуға болады, ал сатылу бағасы - 426-427 теңге деп жазды sputnik.kz
Қазақстанда доллар қымбаттады. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 0,35 теңгеге өсіп, 427,19 теңгеге жетті. KASE сауда-саттық жүйесінде жарияланған алғашқы теориялық баға 427,43 теңге мөлшерінде белгіленді, деп хабарланған Қазақстан қор биржасының сайтында.
Кurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде долларды 427-429 теңгеге сатып алуға болады, ал қабылдау бағасы - 426-427 теңге. Алматының айырбас орындарында бір доллар 426-427 теңге тұрады, сату бағасы - 427-429 теңге.
Шымкенттің айырбас орындарында бір доллар 428 теңгеден сатылып, 426 теңгеден қабылданып жатыр. Айта кетейік, наурыздың соңында Қазақстанда доллар бағамы 423 теңгені құрады.