$ 448.15  483.46  4.86

Елімізде бензин бағасы қымбаттады

Көлік жүргізушілерін қымбатшылықпен қатар, бензин тапшылығы да әбден әуре-сарсаңға салды.
Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда бензин қымбаттады. Әсіресе соңғы күндері оның бағасы 10 теңгеге дейін өсті. Мәселен, елордадағы жанармай құю бекеттері АИ-92 маркалы бензинді — 168-177 теңге, АИ-95-ті 188-197 теңге, ал, АИ-98-ді 186-220 теңге арасында сатып жатыр, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Алматы қаласында АИ-92 —171 теңгеге, АИ-95 - 200 теңгеге, ал, АИ-98 - 230 теңгеге дейін шарықтады. Басқа өңірлерде, АИ-92 бензинінің бағасы — 175 теңгеге,  ал, АИ-95 - 200 теңгеге дейін өсті.  Көлік жүргізушілерін қымбатшылықпен қатар, бензин тапшылығы да әбден әуре-сарсаңға салды. Ал, құзырлы министрлік мемлекет бензин бағасына араласпайтынын, яғни, ол тиімділігі төмен және шығыны көп шаруа екенін алға тартады. Бірақ, тапшылық болмайды деді энергетика министрлігінің өкілдері.

Қазір АИ-92 маркалы бензин қоры жыл басымен салыстырғанда 60 мың тоннаға артып, бас-аяғы 270 мың тоннаға жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары